Мемлекеттік және жекеменшік мектеп: білім сапасы мен қауіпсіздік талабы бірдей ме?

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекеттік және жекеменшік мектептегі білім сапасы мен қауіпсіздік талабы бірдей ме? Елімізде жеке мектептің саны жыл сайын артып келеді. Ұлттық деректер қорының мәліметінше, қазір Қазақстанда сегіз мыңнан астам мектеп бар. Оның 873-і – жекеменшік мектеп. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, мемлекеттік мектептің дені екі ауысымда жұмыс істейді. Ал жеке оқу орындарында бала саны аз болғандықтан, ұзартылған күн форматын енгізуге мүмкіндік мол. Бірақ меншік нысанына қарамастан, бәріне қойылатын біліктілік талабы бірдей. Жеке мектептердің заңды сақтауын мемлекет бақылайды. Ведомство үшін басты көрсеткіш – баланың мектепте қанша уақыт өткізгені емес, оның қауіпсіздігі мен білім сапасы.
СӘУЛЕ ЕСІРКЕПОВА, ҚР ОМ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Білім беру ұйымы өз қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асыруға және белгіленген біліктілік талаптарын сақтауға міндетті. Осылайша, жекеменшік мектептер білім беру мазмұны мен сапасына, кадрлық қамтамасыз етуге, материалдық техникалық жарақтандыруға және қауіпсіздікке қойылатын міндетті мемлекеттік талаптарды сақтаудан босатылмайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал