Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Сатушыларға жаңа ереже. 2027 жылдан бастап маркетплейстерде салық төлемейтін және тауар құжаты жоқ сатушылар салық органдарының талабымен бұғатталады. Айталық, Kaspi, Wildberries, Ozon сияқты платформаларда салық ескертулерін елемегендердің аккаунты автоматты түрде жабылады. «Бұл өзгеріс нарықтағы сапасыз және заңсыз тауарлардың азаюына тікелей ықпал етуі тиіс», — дейді мамандар. Нәтижесінде, тұтынушылар қауіпсіз әрі сертификатталған өнімге қол жеткізеді. Ал адал кәсіпкерлер арасында бәсекелестік дамиды.
ҰЛДАНА СҮЛЕЙМЕН, МК КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
— Өзгерістер салық заңнамасының талаптарын орындамаған сатушыларға қатысты. Интернет платформада сауданы уақытша тоқтату механизмін қарастырады. Бұл шара нақты бір сатушыға ғана бағытталып, салық органының тиісті хабарламасын орындамаған жағдайда ғана қолданылады. Бұл ретте бүкіл интернет платформаны немесе маркетплейсті бұғаттау көзделмейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.