Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысында жыл басынан бері 30 шақты ауқымды сенбілік өтті. Оған жалпы саны 700 мыңдай адам қатысты. Осы аралықта 15 мың тонна қоқыс шығарылып, 100 мыңнан астам көшет егілді. Ал «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарында 700 жас еңбек етуде. Олар саябақ, гүлзар, жағалау мен өзге де қоғамдық орындарды тазалайды. Абаттандыру ісіне де атсалысып, қарттарға қол ұшын созады. Өңірде биыл бір мыңнан астам жас, маусымдық жұмысқа тартылмақ. Еңбек жасағына қосылғандарға ай сайын 85 мың теңге жалақы төленеді.
ЖАСМИН ТҰРЛАҒАЗЫҚЫЗЫ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:
— Бір ай көлемінде аулаларды тазалаймыз, көбіне көпқабатты үйлердің аулаларын, сонымен қоса бірнеше рет үлкен кісілердің үйлерін жинауға көмектесеміз. Үйсіз жүрген жануарларға тамақ береміз, саябақты тазалау жұмыстарын атқарамыз.
АЯЖАН БОРАНБАЕВА, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— «Жасыл ел» жасақтары бізде жыл сайын болады. Ол біздің балаларымыздың, яғни, жастарымыздың алғашқы жұмыс орны болып табылады. Ең алғашқы мақсатымыз – оларды тазалыққа баулу, сонымен қатар ең алғашқы жұмыс орнымен қамтамасыз ету.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.