Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ПЫШАҚТАП КЕТТІ
Семейде тапа-тал түсте 19 жастағы қыз баланы пышақтап кеткен адам іздестіріліп жатыр. Бойжеткен сол жерде тіл тартпастан кеткен. Бұрынғы жігіті күдікке ілініп отыр. Пышақ сілтеуге не себеп болды? Мән-жайды анықтаймыз.
ПЕДОФИЛ ЖАЗАЛАНДЫ
Шымкенттегі шулы іс. 8 жасар қыз балаға тиіскен педофил 7,5 жылға сотталды. Жәбірленуші тарап бұған дейін небәрі 147 мың теңге айыппұлмен істі жылы жапқысы келген тергеушіні жазалауды сұрайды. Дегенмен айыпталушыға тиісті жаза берілгеніне көңілдері толатынын айтады.
АПАТТЫ ҮЙ
Ақтөбеде ресми түрде апатты деп танылған үй үрей тудырып жатыр. Тұрғындар күн сайын жанын шүберекке түйіп отырғанын айтады. Алайда, жергілікті билік өкілдерінің пікірі басқа. Олар бұл баспанада әлі де өмір сүруге болады деп есептейтін көрінеді.
БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ
Аллергия алқымнан алады, көзі нашарлаған, артық салмағы бар. Қазіргі буынның халі осындай. Дәрігерлер мектеп оқушыларының денсаулығына алаңдайды. Сондықтан ата-аналардан балаларының не ішіп, не жеп жүргеніне аса мән беруді сұрайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.