Қ. Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының алғашқы кеңесін өткізді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының алғашқы кеңесін өткізді. Мемлекет басшысы Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажеттігін атап өтті. Әлемдік ахуал құбылып тұрған кезеңде Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс. Президент қазіргі сын-қатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді. Мемлекет нақты салаларға басымдық беріп, бұл бағытта «Заң мен тәртіп» қағидатын негізгі бағдар ретінде атады. Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа бірқатар нақты міндет жүктелді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал