Жастарды ғылым мен техникаға қалай қызықтырамыз? Депутат ұсыныс айтты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Әлеуметтік желідегі жеңіл табысқа үндейтін контент жастардың еңбекке деген көзқарасына кері әсер етіп жатыр. Кейбірі білім мен кәсіби дамудан гөрі, аз уақыт ішінде мол табыс табудың жолын іздейді. Бұл мәселені Құрылтай депутаты Дихан Қамзабекұлы көтерді. Оның сөзінше, елге ғылымды дамытатын, жаңа технологияны меңгерген және тың жаңалық ашуға ұмтылатын мамандар қажет. Сондықтан мұндай қызығушылықты бала кезден қалыптастырған жөн. Депутат мектеп оқушыларының ғылым мен техникаға ынтасын арттырып, отандық ғалымдардың еңбегін жастарға кеңінен таныстыруды ұсынды.
ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ — ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯСЫ:
— Ғалым беделін жас буынға ұғындыратын жоба әзірленсе, екіншіден, ғылымға, технологияға елеулі үлес қосқан тұлғаларды ақпарат құралдарында насихаттау жолға қойылса, үшіншіден, жаратылыстану мамандықтарына талантты жастарды тартуға тиімді бағдарламалар жасалса деген ұсыныс айтамын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал