Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мұғалімге өзгеше сұрақ қойды.
Музыка пәні көркемдік жетекшісінің қимыл-әрекеті оқушылардың видеоға түсіруіне себеп болған. Кадрде қызметкердің балалармен дөрекі сөйлесіп, балағат сөз айтқаны естіледі. Оқу-ағарту министрлігі бұл жағдайға байланысты мән-жайды анықтауға кірісті. Министрлік Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы болғандықтан, білім беру процесі мен ішкі бақылауды өз бетінше жүзеге асыратынын хабарлады. Алайда мәселе мұнымен бітпейді. Егер оқушылардың айтқаны расталса, жауапкершілік қана емес, жалпы, бала қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның әрекетіне де қатысты іс қаралады.
РИНАТ ЖҰМАБАЕВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Әлеуметтік желілерде тарап кеткен ақпарат бойынша біздің мектепте ішкі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тексеру аяқталғаннан кейін біздің жұмысшымыздың тарапынан заңбұзушылық анықталса, әрине, біз Еңбек кодексінің негізінде белгіленген шараларды қолданамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.