Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Семейде көлік жуу орталығында жойқын жарылыс болып, артынша өрт шықты. Жалын жүк көлігін және жақын тұрған үйлерді шарпыған. Оқиғадан екі адам күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Бір науқастың жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жарылыстың күші мына кадрлардан-ақ байқалады. Өрт жақын тұрған үйлерге де тараған. Оқиға орнына құтқарушылар, полиция және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды.
ДАРЫН БАҚТЫБАЕВ, ЖМЖА ПОЛИТРАВМА БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
— 1981 жылғы науқас реанимация бөліміне жатқызылды. Ол кісінің жағдайы ауыр, тұрақты. Ол кісіде екінші, үшінші А, Б дәрежелі күйіктері диагностикаланды. Жалпы ауданы – 25-30 пайыз шамасында. Екінші науқас хирургия бөліміне жатқызыпды. Ол науқастың жағдайы орташа ауырлықта деп есептеледі. Ол науқаста екінші-үшінші А, Б дәрежелі күйіктер анықталды. Жалпы ауданы – 15 пайыздың шамасында. Екі науқасқа да толық медициналық ем жүргізіліп жатыр.
ТАТЬЯНА НЕКРАСОВА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Мен де сыртқа жүгіріп шықтым. Газ лапылдап жанып жатыр екен. Тағы да жарылыс болды. Бұл жерде не болғанын сөзбен айтып жеткізу қиын. Бәрі өртеніп жатты. Көрші үйлер де жана бастады. Сөйтіп, көлік те өртенді. Оның ішінде газ баллоны бар екен.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.