Қостанай облысында екі адам астыртын «ломбард» империясын құрған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қостанай облысында екі адам халықтың сенімін пайдаланып, астыртын «ломбард» империясын құрған. Төрт бірдей фирма ашып, ауыл тұрғындарының алтындарын кепілге алып, күн сайын қарызға 0,4 пайыз үстеме қосып отырған. Заңды бұрмалау үшін қарыз шартын жасамай, барлық ақшаны «сақтау ақысы» немесе «комиссия» деп әдемі түрде жасырған. Осылайша екі жылдың ішінде 1600-ден астам адамды қарызға батырып, 579 миллионнан астам теңге алған.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Екі жыл ішінде олардың қызметін 1600-дан астам азамат пайдаланған. Заңсыз қызметтен түскен кіріс 579 миллион теңгеден асқан. Сот екеуінің де мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырды. Тәркіленген мүліктің қатарында 5 пәтер, 3 автокөлік және 2 жер телімі бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал