Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Секундомер неге жоғалды? Қарағанды жолдарында жүргізушілерге үйреншікті жайт өзгере бастады. Қаладағы бағдаршамның санақ цифрлары жаппай алынып жатыр. Жұрт бұған наразы, өйткені қызыл немесе жасыл түстің жануына қанша уақыт қалғанын білмей жүргізуші бас қатырады. Сөйтсе, қаланы жаңғыртудың зияткерлік жүйесі өзгерген. Енді бағдаршам белгілі бір уақытқа емес, нақты жолдағы жағдайға қарай жұмыс істейді. Егер көбірек көлік жиналса, жүйе бағдаршамның түсін өзгертіп, кептелісті азайту үшін жолды өзі реттейді. Нәтижесінде, Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қазірдің өзінде осындай 206 «ақылды» светофор біріктіріліп, жұмыс істеп тұр. Құрылғылардың мақсаты – қалаішілік кептелісті азайтып, қозғалысты қауіпсіз әрі тиімді ету.
РУСТАМ ЖАМЛИХАННОВ, ЖҮРГҮЗУШІ:
– Өте ыңғайсыз, өйткені қиылысқа жақындаған кезде «үлгеріп өтемін бе, жоқ па?» деп қиналасың.
ТЕМІРЛАН ТАЛДЫБАЕВ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
– Детекторлар көлік ағынын зерттейді. Әрі қарай жасанды интеллект қанша уақыт ұстау керегін шешеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.