Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Түнде шу шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік жүргізушілеріне бақылауды күшейту қажет. Құрылтай отырысында «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Кендебай Адамбек Ішкі істер министріне депутаттық сауал жолдады. Қала орталығында кейбір жүргізуші жарыс ұйымдастырып, жылдамдықты шамадан тыс арттырады. Тіпті пиротехника қолданып, тұрғын үйлердің маңында әдейі қатты шу шығаратындар бар. Мұндай әрекеттер жол ережесін бұзумен ғана шектелмей, қоғамдық қауіпсіздікке де қатер төндіреді. Барлығы дер кезінде анықтала бермейді. Сондықтан шу деңгейін өлшейтін арнайы құрылғыны бейнебақылауға қосып, автоматты түрде тіркейтін пилоттық жобаны іске қосуды ұсынды.
КЕНДЕБАЙ АДАМБЕК, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯСЫ:
— Ұсынылып отырған шаралардың мақсаты – заң талабын сақтау, халықтың пікірін ескеру және азаматтарға қажет цифрлық шешімді дамыту. Бұл Әділет партиясының негізгі ұстанымымен үнедеседі. Осыған байланысты рұқсат етілген шу деңгейін автоматты түрде анықтау үшін арнайы акустикалық құрылғылар мен фото және бейне тіркеу жүйесі қамтылған пилоттық жобаны іске қосуды ұсынамын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.