Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Еліміздегі 1 745 сарбаз мемлекеттік грантқа ие болды. Олар мерзімді әскери борышын өтеп келіп, студент атанды. Қорғаныс министрлігінің бұл жобасы екі жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді. Оның өз талабы да бар. Грантқа ие болу үшін сарбаздар жауынгерлік және психологиялық дайындықтан үздік шығып, темірдей тәртіп көрсетуі тиіс. Жалпы, үміткерлерді іріктеу толықтай автоматтандырылған, бәрі «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы өтеді. Ал биылдан бастап ереже сәл өзгерді. Енді жауынгер қосымша екі бейіндік пәннен тест тапсырады. Оларға сынаққа қызметтен бос уақытта дайындалуға рұқсат берілген. Жігіттердің дені IT-технология, коммуникация және орман шаруашылығы мамандығын таңдаған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.