Қазақстанда пилотсыз авиацияны басқарудың жаңа жүйесі енгізіледі

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Бүгінде пилотсыз авиация қарқынды дамып келеді. Бұл жүйе тіпті бірқатар саланы түбегейлі өзгертуге қабілетті. Былтыр Үкімет 2031 жылға дейінгі азаматтық пилотсыз авиацияны дамыту тұжырымдамасын бекіткен. Ал бірер күн бұрын Мемлекет басшысы Кореяға мемлекеттік сапары аясында қалалық әуе мобильділігі, пилотсыз авиация және төмен биіктіктегі әуе кеңістігін цифрлық басқаруды дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Демек, Қазақстанда пилотсыз авиациялық жүйелер қозғалысын басқарудың – UTM жүйесі енгізіледі. Осы ретте «Әділет» фракциясының мүшесі, Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлеймен Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды және цифрлық даму министріне сауал жолдады.
АЙСҰЛУ СҮЛЕЙМЕН, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯСЫ:
– Біріншіден, егер біз дайын шешімдерді қуып жетуді емес, өзіміздің бәсекеге қабілетті орнымызды қалыптастыруды көздесек, саланың дамуы мықты ғылыми-технологиялық негізге сүйенуі қажет. Бұл үшін ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, сынақтар, әзірлемелерді коммерцияландыру және жасанды интеллектіні қолдану бағыттарын дамытуымыз керек. Екіншіден, кадр мәселесі. Пилотсыз ұшу аппаратын сатып алу немесе өндіру жеткіліксіз. Оны бағдарламалайтын, басқаратын, техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін мамандар қажет. Үшіншіден, инфрақұрылым мәселесі. Бүгінде пилотсыз аппаратпен қарапайым ұшуды жүзеге асыру үшін оператор әуе қозғалысын басқару орталығына өтінімді электрондық пошта арқылы жібереді. Кейін деректер қолмен тексеріледі, ал өтінімнің қаралу мәртебесі цифрлық түрде ашық көрсетілмейді. Яғни XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал