Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Солтүстік Қазақстан облысының энергетиктері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына үн қосты. 70-тен астам азамат шарапаты мол шараға қатысып, жылу электр орталығынан бастау алатын арна жағалауын күл-қоқыстан тазартты. Айта кету керек, жасанды су айдыны қыста да қатпайды. Сол себепті мұнда қармақ салуға келетіндердің қарасы қалың. «Ал бұл жандардың көбі тазалықты сақтай бермейді», — дейді мұндағылар. Сондықтан шашылып жатқан қалдықтар жиналып, айнала ретке келтірілді. Мұнымен қоса қураған және апатты ағаштар кесілді.
Жалпы, жыл басынан бері өңірде мыңға жуық экологиялық шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде 150 мың тоннадан астам қоқыс сыртқа шығарылды.
АННА КИСЕЛЁВА, ЖЭО ИНЖЕНЕРІ:
— Біз өзімізге тиесілі аумақты үнемі ретке келтіріп отырамыз. Айналаны әктейміз, сыпырамыз, бұталарды кесеміз. Бүгін міне су арнасы жағалауын тазарттық. Қоқыс өте көп. Оларды осында келген тұрғындар тастап кетеді. Соның бәрін жинадық. Енді барша жұртты айналаны таза ұстауға шақырамын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.