Талапкерде қоқыс тастаған тұрғынды ауылдастары тезге салды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Талапкер ауылының сыртында жергілікті тұрғын бейберекет қоқыс тастады. Куәгерлер бірден тәртіп сақшыларына хабарласып, құқық бұзушыға қоқысты қайтадан көлігіне тиеп, кері әкетуге мәжбүр етті. Бұл – «Таза Қазақстанның» жарқын мысалы. Өзің де қоқыс лақтырмай, өзгелерге де жол бермеу керек. Бұл жағдай тазалыққа бей-жай қарамау қажеттілігін тағы да көрсетті. Біреудің қоқыс тастап жатқанын көрсеңіз, өзіңіздің ескертпей-ақ, тиісті қызметке хабарлаудың өзі жеткілікті.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМА ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОР:
— Учаскелік инспекторлар өтінішке жедел ден қойып, құқық бұзушыны анықтады. Ол жергілікті шаруа қожалығының қызметкері болып шықты. Ер адам кінәсін мойындады. Полицейлер абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал