Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтауда заңсыз дүңгіршектер орнынан алынып жатыр. Қалада тиісті құжаттары жоқ әрі санитарлық талаптар сақталмаған сауда орындары жіпке тізілді. Мамандардың айтуынша, мұндай нысандарда сатылатын азық-түліктің қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайды бақылау қиын. Енді қалада сауда жүргізуге арналған арнайы орындар белгіленбек. Арнайы рейд кезінде анықталған 10-нан аса заңсыз дүңгіршек арнайы айып тұрағына орналастырылды. Құжаты барлар иесіне қайтарылады. Заңсыз нысандардан босатылған аумақтар абаттандырылып, тұрғындарға қолайлы орта жасалады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.