Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Самарқандтағы 46-шы шахмат Олимпиадасының шешуші кезеңі алдында Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов пен елші Ералы Тоғжанов ұлттық құрамамен кездесті. Басты мақсат – жауапты матч алдында спортшыларды жігерлендіру. Қазір әйелдер құрамасы бірде-бір ұпай жоғалтпай, Қытаймен бірге көш бастап тұр. Бүгін әйелдер командасы бас көшбасшы Қытаймен ойнаса, ерлер құрамасы Сербия жігіттерімен бәсекеге түсті.
Олимпиада аясында Самарқандта тағы бір тарихи оқиға болады. 26 қыркүйекте өтетін FIDE Бас ассамблеясында ұйым президентін сайлау өтеді. Бұл бәйгеге еліміздің атынан Тимур Турлов бес дүркін әлем чемпионы Вишванатан Анандпен бір тандемде үміткер болып отыр. Осы сәтте отандық шахмат мектебінің тағы бір ірі жеңісі белгілі болды: Қазақстан әйелдер шахматын белсенді дамытқаны үшін мәртебелі әлемдік марапатқа ие болды.
ТИМУР ТУРЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Біз сіздерді әрдайым қолдаймыз және мақтан тұтамыз. Бүгінгі жетістіктеріңіз еліміздегі мыңдаған жас шахматшыға зор шабыт. Олар да сіздерге қарап бой түзейді, шахмат арқылы үлкен биіктерді бағындыруға ұмтылады. Сіздер қазірдің өзінде әлемдік шахмат элитасысыздар
ГҮЛМИРА ДӘУЛЕТОВА, FIDE ӘЙЕЛДЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
— Бұл – FIDE мәртебелі марапаты. Халықаралық федерацияның әйелдер шахматын дамытуға қосқан үлесімді жоғары бағалағанына өте қуаныштымын. Біз бұл спортты өркендету үшін ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз және осы еңбектің еленгенін мақтан тұтамын. Сондай-ақ Тимур Русланұлына сайлауда сәттілік тілеймін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.