Семейде көлік жуу орталығында жойқын жарылыс болды | 23.09.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Ақтауда ысталған балықтан уланған баланың жағдайы ауыр. Астанадан арнайы дәрігерлер аттанды. Олардың арасында тәжірибелі реаниматолог, инфекционист және невропатолог бар. Күн сайын телеконференция өткізіліп жатыр.

ЖАРЫЛЫС САЛДАРЫ
Семейдегі көлік жуу орталығында болған жойқын жарылыстан көлік өртеніп, бір үйдің күллі көкке ұшты. Екі тұрғын ауруханаға жеткізілді. Жарылысқа не себеп? Құзырлы орган өкілдері анықтап жатыр.

АЛАЯҚТАР СОТТАЛДЫ
Қостанай облысында лицензиясыз заңсыз микроқаржылық қызмет жүргізген екі адам сотталды. Екі жыл ішінде олардың қызметін 1 600-ден астам азамат пайдаланған. Заңсыз қызметтен түскен кіріс 579 миллион теңгеден асады.

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынған болатын. Айта кетейік, Астанада жаңа ұйымның бірінші сессиясы өтіп, оған Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

КӨКТЕ ТӘЖІРИБЕ ЖИНАДЫ
Петропавлдың жазық әрі көлді табиғатын сынақ алаңына айналдырған болашақ ұшқыштар аспанда 200 сағатқа жуық тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдайды. Бұл өңірде Азаматтық авиация академиясының филиалы ашылуы да мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал