Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Каспийдегі қаралы хабар ізімен үкіметтік комиссия құрылды. Қазір оқиға орнына жеткен комиссия мүшелері әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру және олардың отбасыларына көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр. Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Айта кетейік, әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты. Үш адам құтқарылып, оның біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов та барды.
ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза болғандардың отбасыларына қажет барлық көмек пен қолдау көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың тек ресми ақпаратына сүйенуді сұраймыз».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.