Тілге қатысты кемсітуге Конституция бойынша тыйым салынған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекеттік тіл ұлтты ұйыстырып, ел бірлігін бекемдейді. Халық кеңесінің алғашқы отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президенттің айтуынша, бүгінде қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп келеді. Әсіресе жастардың қазақ тілінде еркін әрі сауатты сөйлеуі – осы үдерістің айқын көрінісі. Мемлекет басшысы бұл ретте өзге тілдерді шеттетуге жол берілмейтінін атап өтті. Тілге қатысты қандай да бір кемсітуге Конституция бойынша тыйым салынған. Президент қоғамды арандатушылық пен ұлтараздыққа жол бермеуге, кез келген мәселені «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде шешуге шақырды. Сонымен қатар түрлі этнос жастарының қазақ тілі мен мәдениетін насихаттап жүргенін атап өтіп, қоғамдық келісімге үлес қосқан азаматтарды мейілінше қолдау маңызды екенін айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Ара-тұра кейбір тісқаққан арандатушылар әлеуметтік желіде ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды. Мына нәрсені түсінген жөн. Олардың көздегені біреу – қоғамды әлсіретіп, Қазақстанның Егемендігіне нұқсан келтіру, елді бірліктен айырып, бейбіт, алаңсыз өміріміздің астаң-кестеңін шығару. Расында, олар балаларымыз бен немерелеріміздің бақытты болашағының тамырына балта шапқысы келеді. Сондықтан құқық қорғау органдары мен тұтас қоғам бұған табанды түрде қарсы тұруы керек. Конституцияда бекітілген «Заң мен тәртіп» қағидатына сай әрекет етуіміз қажет.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал