Шерхан Аймаханға қатысты апелляциялық сот үкімі өзгеріссіз қалды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Шерхан Аймаханға қатысты апелляциялық сот үкімі өзгеріссіз қалды. Сотталғанның қорғаушылары да, жәбірленуші тарап та апелляциялық шағым түсірген еді. Қорғаушылар некеге мәжбүрлеу бабымен тағылған айыпты қайта қарап, аса қатігездікпен адам өлтіру бабын – тек адам өлтіру бөлігіне ауыстырып, өмір бойғы жазаны жеңілдетуді сұрады. Ал марқұмның туыстары бұл талапты қанағаттандырмауды талап етті. Сонымен қатар олар моральдық өтемақы көлемін 10 миллиард теңгеге дейін ұлғайтуды сұраған. Алайда апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Еске салайық, тамыз айында сот Шерхан Аймаханды некеге мәжбүрлеу, сталкинг және аса қатыгездікпен кісі өлтіру бабы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырған. Бүгіннен бастап сот заңды күшіне енді.
БӘЙДІБЕК ДҮЙСЕБЕКОВ, СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Алқа қаулы етті: Аймахан Шерхан Әлмаханұлына қатысты Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 13 тамыздағы үкімі өзгеріссіз, жәбірленушінің өкілдері Омаров, Ахметов, адвокаттар Құрманбаев және Абдиевтің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жарияланған күннен күшіне енеді және наразы жақ қаулы жария етілген күннен бастап сотталған жағдайының нашарлауы себептері бойынша 1 жыл ішінде, ал басқа негіздермен мерзімі шектеусіз кассациялық шағым немесе наразылық беруге құқылы.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал