Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ұлдана Мырзуан ісіне қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Прокурорлар Меншік иелері бірлестігі төрағасы Сәуле Жұбаниязованы «Міндетіне адал қарамады» деп оны екі жылға бас бостандығын шектеуді сұрады. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы оған: «Үш жыл бойы кондоминиум нысанын басқару қызметімен айналысуға тыйым салу қажет», — деді. Жәбірленушілер, яғни марқұмның жақындары Қалиева мен Нұрпейісованың адвокаты бірлестік төрағасынан 45 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етті. Ұлдана Мырзуанның күйеуі сотта сөз сөйлеп: «Ешқандай үкім адамды қайтармайды. Құрылыс жүргізіп, оны қадағалауға тиісті әрбір адам өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс», — деді. Ал Ұлдана Мырзуанның анасы МИБ төрағасын бас бостандығынан айырмауды сұрады.
СӘЛИМА ЕШЕНҚҰЛОВА-ОМАРОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Сәуле Жұбаниязова – жалғызбасты ана. Мен де анамын. Оның екі баласы бар. Алланың қалауымен, тағдырдың жазуымен мен қызымнан айырылдым, бірақ Сәуле Жұбаниязованың көзі тірісінде балаларынан ажырағанын, балаларының анасыз қалғанын қаламаймын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.