Жамбылда жүк көлігі жүргізушілерінен ақша бопсалағанқылмыстық топ ұсталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жамбыл облысында ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне қоқан-лоққы көрсетіп, ақша төлеуге мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды. Арнайы операция кезінде күдіктілердің заңсыз әрекеттері әшкереленіп, олардың заңсыз жолмен тапқан табыстары тәркіленді. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары олардың өзге осындай қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ ӨКІЛІ:
— 27 тінту іс-шарасы жүргізілді. Суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі қаражат, сондай-ақ автомашиналар тәркіленді. Тергеу бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша жүргізілуде. Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттердің барлық мән-жайы, оған қатысушылардың әрқайсысының рөлі, сондай-ақ ықтимал қосымша эпизодтар анықталуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал