Қазақстанда ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесі 64%-ға жетті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Елімізде Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы шикізатын ел ішінде өңдеу үлесі айтарлықтай артып, 64%-ға жетті. Ет, сүт, майлы дақылдар және астық секілді негізгі салалардағы бұл көрсеткіш соңғы жылдары екі есеге жуық өсіп отыр. Үкіметтің мәліметінше, ауқымды инвестициялар мен жаңа өндірістік жобалардың арқасында аграрлық сектордың экспорттық әлеуеті де ұлғайған. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 70%-ға жеткізу және терең өңдеу көлемін әрі қарай арттыру міндеті қойылған. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенге салынған инвестиция нәтижесінде елімізде ірі өңдеу кәсіпорындары мен заманауи тауарлы сүт фермалары іске қосылуда. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, отандық өнімдердің әлмдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал