Алматы облысында 22 ескі үй сүріледі

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматы облысында реновация бағдарламасы бойынша алдағы үш жылда 22 ескі үй сүріліп, 247 отбасы өзге пәтерге қоныстанады. Тозығы жеткен тұрғын үй қорын жаңартуға жеке инвесторлар тартыла бастады. Тұрғындар жаңа пәтерлер «бөлме орнына бөлме» қағидаты бойынша беріледі. Олардың жаңа үйге көшу немесе екінші нарықтағы пәтерді таңдау құқығы бар. Бағдарлама 2026-29 жылдар аралығында жүзеге асады. Жаңа пәтерлер толық әрленеді, бөлме саны сақталады және баспананың жалпы аумағы тұрғындардың бұрынғы үйінен кем болмайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал