Астанада Қазақстандағы алғашқы Tier IV дата-орталық салынып жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Цифрлық технология дамыған сайын деректерді өңдеу мен сақтауға деген сұраныс та артып келеді. Астанада осы қажеттілікті өтеуге бағытталған ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Орталық қандай міндет атқарады және оның ерекшелігі неде?
ДИАНА ОРЫНТАЙ, ТІЛШІ:
— Астанада Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Tier IV деңгейдегі дата-орталық салынып жатыр. Біз дәл қазір тұрған нысан – AKASHI Data Center. Ал data center дегеніміз не? Ол қарапайым тілмен айтқанда – үлкен көлемдегі цифрлық ақпарат сақтайтын және өңдейтін нысан.

Жалпы қуаты 100 мегаватт болатын дата-орталық төрт ғимараттан тұрады. Нысанның аумағы – 11 гектар. Мұнда 4000-ға дейін серверлік орын салынады. Ал алғашқы ғимарат келесі жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылмақ. Жоба Қазақстандағы IT инфрақұрылымды дамытуға және шетелдік технологиялық компанияларды тартуға бағытталған.

ЕРАСЫЛ АЮБЕКОВ, AKASHI DATA CENTER КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
— Қазіргі таңда Қазақстан нарығында бес мыңдай IT орын бар, сол 5000 IT орынды біз екі еселеп жатырмыз. Cloud, Amazon секілді үлкен шетелдік компаниялар үшін ашу қажет. Олар Орталық Азияның нарығына келмеді, өйткені осындай дата-орталықтар болған жоқ.
Мұндай нысандар үшін үздіксіз жұмыс істеу аса маңызды. Сондықтан дата-орталықта электр қуаты мен салқындату жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірнеше деңгейлі автоматтандырылған жүйе қарастырылған. Ақау болған жағдайда қосалқы жабдықтар адам араласуынсыз іске қосылады.

ТАЛҒАТ ДЕМЕЖАН, AKASHI DATA CENTER МАМАНЫ:
— Сондықтан ол құрылғылар, ақпаратты өңдеу орталығы адамның ешқандай әрекетінсіз белгілі бір ақау болып жатса да, өрт болса немесе электр энериясы тоқтап қалса, автоматты түрде жұмыс істеп тұра береді.
Нысан толық аяқталғанда 200-ге дейін маман еңбек етеді деп жоспарланған. Жобаның іске қосылуы цифрлық сервис бен технологиялық компанияларға қажетті инфрақұрылымды кеңейтіп, Астананың IT саласындағы мүмкіндіктерін арттырмақ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал