Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
САРБАЗДАР ТЕҢІЗГЕ БАТТЫ
Тоғыз әскери қызметші қаза тапты. Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу орны толмас қайғымен аяқталды. Жағаға 2 шақырымдай қалғанда ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. 19 сарбаздың оны құтқарылды.
ПЫШАҚТАП КЕТТІ
Астанадағы сұмдық. Көлігін тұраққа қойып жатқан әйелді ер адам пышақтап кетті. Оқиға орнында көз жұмған келіншек күдіктінің бұрынғы жары болып шықты.
ТРАССАДАҒЫ ҚАРАҚШЫЛЫҚ
Жамбыл облысындағы қарақшылық. Жүк көлігі жүргізушілерін тонап келген қылмыстық топ ұсталды. Олар қоқан-лоққы көрсетіп, ақша бопсалаған. Күдіктілерден суық қару, байланыс құралы, көлік пен ақша тәркіленді.
ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ
Халық Кеңесі Құрылтайдың баламасы емес. Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын ашқан президент жаңа институттың мәні мен мақсатын түсіндірді. Алқалы жиында тағы не айтылды?
ТӘН МЕН ЖАН САУЛЫҒЫ
Спортта жас шектеуі жоқ. Абай облысындағы 70-тен асқан қариялар ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтына баулып жүр. Таңда жүгіріп, түсте доп теуіп, кешке шахмат ойнайтын зейнеткерлер күш-қуатты қайдан алады?
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.