Қазақстан жұрты қаза тапқан әскерилерді аза тұтып жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Бүгін – күллі ел бойынша қаралы күн. Қазақстан жұрты ұлт болып теңізде қаза тапқан әскерилерді аза тұтып жатыр. Барлық аймақта мемлекеттік тулар төмен түсірілді, БАҚ беттерінде ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылды. Бұл – Мемлекет басшысының Жарлығы. Дауыл құрбаны болып, теңіз суы жұтқан саңлақтарды еске алып, қыршын кеткен марқұмдардың етжақындарына күллі қазақстандық қайғыра көңіл айтып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажет шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Үкіметтік комиссия мүшелері кешелі-бері оқиға орнында тексеру жүргізіп, қайғылы жағдайдың себеп-салдарын анықтап жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал