Каспийдегі трагедия: тағы 2 әскери қызметшінің денесі табылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде суға кеткен екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша, іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталып, қаза болғандар саны 14-ке жетті. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан. 252 әскери қызметші мен қызметкер, 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қоса алғанда 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Құрылған жедел штабтың құрамына Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері кірді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал