Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға қатысты тергеу амалдары қызу жүріп жатыр. Жедел топ оқиға орнын толық тексеріп шықты. Қазірдің өзінде отыздан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Сондай-ақ іске қатысты маңызды құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді. Жағдайдың анық-қанығын білу үшін 12 бірдей арнайы сараптама тағайындалды. Тергеушілер кінәлі болуы мүмкін лауазымды тұлғаларды анықтады. Оларға қызметке салғырт қарады деген айып тағылуда.
ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ:
«Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.