ҚХК қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көмек көрсетеді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына- Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері 815 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Қаражат тікелей қаза тапқандардың отбасыларына беріледі. Қайырымдылық бастамасына Кеңестің 17 мүшесі қосылды. Айталық, S.I. CONSTRUCTION груптың бас директоры Гаджи Гаджиев – 100 млн теңге, Karazhal Operating негізін қалаушы Жұмабек Жанықұлов 50 млн теңге бөледі. Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен Integra Construction KZ бас директоры Шахмұрат Мұтәліп қаза тапқан әскери қызметшінің әр отбасына 25 млн теңгеден жолдайды. Басқа азаматтар да 1 мен 5 миллион теңге аралығында қаржылай қолдау көрстетеді. Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтып, қайғыға ортақ екенін білдірді.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Біздің әскери қызметшілеріміздің қаза болуы – ең алдымен, үлкен адамзат қасіреті. Мемлекет басшысының өкімімен 25 қыркүйек Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, ал зардап шеккендерге тезірек сауығып, үйлеріне оралуын тілеймін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал