Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайға байланысты Владимир Путин көңіл айтты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайға байланысты Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты.
Владимир Путин жеделхатында қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына қолдау білдіріп, олардың қайғысына ортақтасатынын жеткізді. Сонымен қатар Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі: «Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуы кезінд адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды терең қайғырып қабылдадық. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына және Үкіметіне көңіл айтамыз», — деп әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал