Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Каспий теңізіндегі әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігінің 5 лауазымды тұлғасы ұсталды. Полиция мәліметінше, олардың қатарында Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының және «Қайсар» катерінің командирлері бар. Күдіктілер Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар қызметке салғырт қарады және ауыр зардаптарға әкеп соққан кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікке ілінген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл іске қатысы бар болуы мүмкін басқа да тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.