Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысы бар қызметкерлердің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Каспий теңізінде үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің денелері табылды. Осылайша, қаза болғандар саны-14-ке жетті. Қазір оқиға болған аумақта іздестіру жұмыстары толық аяқталды. Құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде, қылмыстық іс қозғалды. Арнайы топ оқиғаның барлық мән-жайы мен себеп-салдарын анықтап жатыр. Әрбір дерек мұқият тексеріліп, оқиғаға қатысы бар барлық қызметкердің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
ЕРБОЛ ІЗБЕРГЕНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Негізгі міндет – қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтап, қажет шаралардың барлығын қабылдау. Тергеу барысында болған оқиғаға қатысты барлық сұраққа толық жауап беріледі. Әрбір дерек мұқият тексеріліп, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу және сот нәтижесінде кінәсі анықталған тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал