Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайға байланысты шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр. Ресей Президенті Владимир Путин қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып: «Ресей халқы олардың қайғысына ортақ», — деді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та Мемлекет басшысына, марқұмдардың туған-туыстарына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылығын білдірді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.