Қазақстан – Қытай форумында қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы да Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Форум қатысушылары марқұмдар рухына тағзым етті. Жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып жатыр. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытайдың мәңгі және жан-жақты стратегиялық серіктестігінің тарихи негізі берік, әрі, тату көршілік пен өзара сенім рухында тың қарқынмен дамып келе жатқанына назар аударды. Өнеркәсіп, цифрландыру, «ақылды қалалар» мен спутниктік технологияларды дамыту, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы серіктестік дәйекті түрде нығайып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау- екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға, құқықтық тұрғыдан ықпал етті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал