Ерлан Қарин: Қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіледі

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанның Вице-президенті Ерлан Қарин Үкіметтік комиссия қайғылы оқиғаның себептерін тергеп жатқанын айтты және: «Қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіледі», — деді. Вице-президент жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарғанын, Мемлекет басшысы қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырғанын айтты. Күллі Қазақстан аза тұтып жатыр, тулар төмен түсіріліп, белгіленген тәртіпке сәйкес, мемлекеттік деңгейдегі ресми отырыстар мен іс-шаралар қаза тапқандарды еске алудан басталып жатқанын айтты. «Осынау қайғылы сәтте береке мен бірлік маңызды», — деді.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
— Халқымыз осынау қиын сәтте тағы да өзінің береке-бірлігін көрсетіп, ауыр қайғыны бөлісуде. Жұрттың ынтымағы, мемлекеттің беріктігі осындай қысылтаяң шақта білінеді. Сол себепті баршамыз сабыр сақтап, бір-бірімізге қамқорлық танытып, елдігімізді білдіріп, ауыр сынақтан бірлесіп шығайық. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін, тұғырынан түспесін!
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал