Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Маңғыстаудағы қайғылы жағдай Үкіметтік комиссияның кезекті отырысында қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен жиында тергеудің алғашқы нәтижелері жарияланды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәлімдеуінше, қазіргі таңда екі бірдей қылмыстық іс қозғалған. Нақтырақ айтсақ, жауапты тұлғаларға «қызметке салғырт қарау» және «кеме жүргізу қағидаларын бұзу» баптары бойынша айып тағылып отыр. Отырыста қаза тапқан және зардап шеккен әскерилердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсету тапсырылды. Материалдық қолдау тек заңды өтемақылармен шектелмейді. Оған бизнес өкілдері мен меценаттар да атсалыспақ. Қаржы жинау үшін арнайы қор ашылды. Жиналған қаражаттың ашық әрі әділ бөлінуін Маңғыстау облысының әкімдігі өз бақылауына алды.
САНЖАР ӘДІЛОВ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі таңда тергеу амалдар жүргізілуде, бірқатар лауазымды тұлға күдікті деп танылды. Қажет тергеу амалдары жалғасып жатыр, кінәлі тұлғалар қатаң қылмыстық жауапкершіліке тартылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал