Қарағанды университеттерінің бірінде үш студенттен туберкулез анықталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағандыда жетекші университеттердің бірінде үш студенттен туберкулез анықталды. Қазір оқу ғимараттарында дезинфекция жүргізіліп, студенттер анализ тапсырып, қашықтан білім алып жатыр. Студенттер диагнозы туралы тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінгеннен кейін білген. Бастапқыда әлеуметтік желілерде 10 адамның ауырғаны туралы ақпарат тарады. Студенттердің өздері оқу ғимараттарында дезинфекция жүргізілмегенін және карантин дер кезінде жарияланбағанын айтып шағымданған. Бүгін туберкулез тарихи-география, шет тілдері және журналистика факультеттерінің үш студентінен расталғаны белгілі болды. Олардың барлығы әртүрлі ғимараттарда білім алады және бір-бірімен байланысы жоқ. Қазір науқас студенттер қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатыр.
НҰРЛАН АЙМАҒАНБЕТОВ, ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Санитарлық гигиеналық-профилактикалық және де эпидемияға қарсы іс шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қазір ауырған балалар үйлерінде. Корпустарда дизенфекциялық шаралар жүргізілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал