Алматыда өздерін полицей ретінде таныстырып, ақша бопсалағандар ұсталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда өздерін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ретінде таныстырып, қару қолданып, мегаполис тұрғынынан ақша талап еткендер ұсталды. Бір топ адам алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің соңынан аңдыған. Тапаншамен қорқытып, оны көлікке отыруға мәжбүрлеген және қала сыртына алып кеткен. Олар қысым көрсетіп жәбірленушіні туысына қоңырау шалуға мәжбүрлеген. Осылайша, туысы олар көрсеткен нөмірге 3 млн теңге аударған. Осы ауыр қылмысты жасағаны үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған төрт адамды ұстады. Олардың біреуі бұған дейін адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҰҚҚК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
— Осыған ұқсас қылмыстық іс Ақтөбе облысында да қозғалды. Онда бұрын сотталған жергілікті тұрғын ұсталды. Ол да өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, жергілікті тұрғындардан психологиялық қысым көрсету арқылы ақша талап еткен. ІІМ азаматтарды қырағы болуға және өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын адамдардың қорқытуы мен қысымына берілмеуге шақырады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал