Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қостанайда полицей Руслан Қазиевке шабуыл жасады деп айыпталған үш жігітке қатысты сот өтіп жатыр. Жасы 21 мен 25 жас аралығындағы үш дос. Билік өкілінің өмірі мен денсаулығына күш қолданып, топ болып шабуыл жасады деп айып тағылды. Бұл бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Сотталушылар кінәсін ішінара мойындады.
Айыптау нұсқасы бойынша, полиция қызметкері таңертең екі баласымен үйден шығып, үш жас жігітке ескерту жасаған. Жанжал сол жерде басталған. Куәгерлерден жауап алынды. Бірі бейнеконференция арқылы жауап беріп тоғызыншы қабаттағы терезеден бақылағанын айтты. Полицейді ұрып-соға бастағанын көрген соң 102 нөміріне хабарласып, аулаға жүгіріп шыққан.
КУӘГЕР:
— Аяқпен тепкіледі. Басын доп сияқты тепті. Содан кейін не істерімді білмей қалдым. Оны өз денеммен жауып, үстіне жата қалсам ба деген ой келді. Өйткені оны өлтіріп қоя ма деп қатты қорықтым. Бірақ оны денеммен жапсам, мені де тепкілейді деп ойладым. Себебі олардың әрекеті мүлдем ақылға сыймайтын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.