Ақтөбеде 17 жастағы бозбаланы өлтірген студент 9 жылға сотталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақтөбеде 17 жастағы Әлихан Жәнібекті өлтірді деген студент 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бозбаланың кеуде тұсынан пышақ сұққан.
Еске салайық, қайғылы оқиға 1 ай бұрын Шалқар қаласында болды. Екі ауданның кәмелетке толмаған жастары жанжалдасып, соңы кісі өлтірумен аяқталған. Аңшы пышағын оңды-солды сілтеген жігіт оқиға орнынан ізін суытады. Алайда ол кінәсін мойындамады. Судья үкім шығарғанда сотталушының 17 жаста екеніне мән берген. Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу нашар жүргізілген. Осыған байланысты сот Полиция департаментіне ресми түрде жеке қаулы шығарды.
АЛТЫНБЕК САБЫРОВ, СУДЬЯ:
— Ерсаинов Бердимұрат Нұржанұлын ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 9 және 14-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ерсаиновтың жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу тағайындалсын.

РАУАН НИЯЗМАҒАМБЕТОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
— Әрине, келіспеймін. Біз 20 жыл сұрадық. Бірақ сот өз шешімін шығарды. – Үкімді апелляцияға беру жағын әлі ойластырған жоқпыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал