Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қаладағы камера көшеде болып жатқан жағдайды жай ғана жазып қоймайды, қосымша қызмет те атқарады. Ұлытау облысында ақылды жүйені тазалықты бақылау үшін қолданылады. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында тіпті қоқыс жәшіктерінің маңы да бақыланады. Егер адам қоқысты тиісті жерге емес, кез келген жерге тастаса, оны камера тіркеп алуы мүмкін. Тәртіп бұзушыны бейнебақылау жүйесі арқылы анықтап, тауып береді. Өйткені құрылғыға бет-әлпетті тану технологиясы енгізілген.
РУСЛАН ДИЛМҰХАМЕДОВ, ПД ЖБО БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.:
— Ұлытау облысының аумағында 3748 камера орнатылған. Оның 202-сі жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған. Соның ішінде 60 камера қатты тұрмыстық қалдықтарды заңсыз тастау фактілерін анықтау функциясына ие. Мұндай технологиялар тазалықтың сақталуын бақылауды күшейтіп қана қоймай, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, қажет шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.