Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында өңірдегі ең ірі дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу кешені жұмысын бастады. Оның құрылысына 25 млрд теңге инвестиция тартылып, Масақ ауылының іргесінен 10 га жер бөлінді. Алмания мен Испан технологиясы бойынша жұмыс істейтін өңдеу кешенінің жалпы сыйымдылығы 120 мың тонна. Зауыт сағатына 29 тонна астық кептіре алады. «Жаңа өндірістік кешен ауыл шаруашылығы саласын жандандырып қана қоймай, өңірдің экспорттық әлеуеттін арттыруға тың серпін береді», — дейді мамандар. Облыс диқандары биыл 440 мың гектар жерге егін егіп, одан орта есеппен 21-22 центнерден өнім алып жатыр.
ЕРЛАН МЫРЗАҒАЛИЕВ, КӘСІПКЕР:
— Қандай дән алып келсе, соны құрғатамыз. Осы төңерекке жүгері мен соя егеді. Соны сатып алып, кептіріп, сақтап жатырмыз. Кімде сұраныс болады соған сатамыз. Болашақта Өзбекстан, Тәжікстан, Иран елдеріне экспорттаймыз деген ойымыз бар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.