Каспийдегі қайғылы жағдай: жауапты тұлғалар анықталып, жазаға тартылады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Бүгінгі күннің басты жаңалықтарына қайта оралсақ, теңіз тұңғиығына кетіп, мерт болған сарбаздарға қатысты құрылған үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Бұдан бұрын бес лауазым иесінің қамалғанын айттық. Тергеп-тексеру жұмыстары көпке созылмайды. Жуық арада басқа да жауапты тұлғалар анықталып, жазасын алады.
Еске салайын, 24 қыркүйек Маңғыстау облысында әскери-теңіз жаттығулары кезінде әскерилер Каспий теңізінде суға кетті. Олар оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген. 14 сарбазымыз қаза тапты. Оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал