Каспийдегі трагедия: тергеудің алғашқы нәтижелері жарияланды | 25.09.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

КАСПИЙДЕГІ ҚАСІРЕТ
Қызметіне салғырт қарады. Кеме жүргізу қағидасын бұзды. Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза табуына байланысты бес бірдей лауазымды тұлға ұсталды.

КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
Карантинге жабылды. Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғын Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттері туберкулезбен ауырғанын айтып, дабыл қақты. Осы жазбадан кейін оқу орнында тексеру басталды.

ҚИРАҒАН КӨПІР
Келестегі тар жол, тайғақ кешу. Былтыр опырылып құлаған көпірдің құрылысы басталған жоқ. 10 минутта жететін мектепке оқушылар бір сағат жүруге мәжбүр. Айналма жолың ұзындығы 40 шақырымнан асады. Көпір қашан салынады?

ҚАР ЖАУДЫ
Қар жауып, үсік жүреді. Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын айтты. Қазірдің өзінде Алматы тауларына жапалақтап қар жауды.
———————————————

#Казахстан #Новости #7канал #НовостиКазахстана #СрочныеНовости #астана #алматы