Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздарға мемлекеттік наградалар берілді. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, олар әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапатталған. Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» ордені әскери бөлім командиріне, ал Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені 13 әскери қызметшіге берілді. Сонымен қатар Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметші де мемлекеттік наградаға ие болды. Оларға әскери борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медалі табысталды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.