Қаза болған әскери қызметшілердің отбасына жиналған қаражат бақыланады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Маңғыстау облысында қаза болған әскери қызметшілердің жақындары қиындықпен жалғыз қалмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен марқұмдардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге қажет көмек көрсетіліп жатыр. Ол үшін арнайы қор құрылып, оның жұмысын бақылау Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповке жүктелген. Қазір қорға қажет көлемде қаражат жиналды. Бұған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, Құрылтай депутаттары, саяси партиялар, кәсіпкерлер, меценаттар және басқа да жанашыр азаматтар үлес қосты. Қаражат жинау ресми түрде тоқтатылды. Ал қайырымдылық көмектің әділ әрі тең жұмсалуын мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері де бақылайды. Олар арнайы комиссия құрамына енгізілген.
БЕКМҰРАТ ЖҮСІПОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
— Арнайы комиссияның жетекшісі ретінде жақын арада осы жиналған қаражат қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге әділетті түрде және біркелкі бөлінетінін сеніммен айтамын. Оның ашықтығын комиссия құрамына кірген мемлекеттік және құқық органдарының өкілдері де қадағалайды. Атқарылып жатқан жұмыстың барысы туралы сіздерге тұрақты түрде хабарлап отырамын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал