Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жетісу облысының Бақтыбай ауылында жеке үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты. Жалын шарпыған үйде бір, алты және сегіз жастағы балалар қалып қойған. Анасы үлкен ұлымен бірге сыртқа шығып, көршілерден көмек сұраған. Алайда тілсіз жауға араша түсу мүмкін болмапты. Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына уақытында жеткенімен, көшенің тар болуы арнайы техниканың жұмысына кедергі келтірген. Қазір оқиға бойынша тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Мамандар өрттің қай жерден басталғанын және оған не себеп болғанын анықтауда.
САЛТАНАТ МУХИЕВА, КӨРШІСІ:
— Қызымыз екеуміз ұйықтап жатқанбыз, терезені біреу шыңғырып қақты. «Тәте, үйде диван өртеніп жатыр, үш балам қалып қалды», — деді. «Үйдегі насос істемейді су ақпайды», — деді. Анасы терезені сындырды. Қара түтін жалынға айналды. Өрт сөндірушілер уақытылы келді, бірақ көшеден өте алмады. Шланганы бір-біріне жалғап өшіргенше, үй жанып кетті. Үш бала ішінде қалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.