Көкшетауда газ жарылып, зейнеткер 50% күйік алды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қатты жарылыс дауысы мен қираған балкон Көкшетау қаласы тұрғындарының үрейін алды. Алты қабатты үйдің үшінші қабатында газ-ауа қоспасы жарылған. Өрт шықпаған. Алайда жарылыс салдарынан пәтер иесі, зейнеткер денесінің 50 пайызы күйіп қалған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері жедел жетіп, жолды қоршауға алды.
ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Үйде 19 литрлік газ баллоны болған. Сондай-ақ үйде 1935 жылы туған ер адам болған. Зейнеткер жедел түрде таза ауаға, яғни далаға шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға газ баллонын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал